05
сәуір
2024
Нуралиева Римма Курманкалиевна
Нуралиева Римма КурманкалиевнаКүні, айы, туған жылы – 05.01.1978 жыл
Білім туралы, қайта даярлау туралы ақпарат:
Орта білім: 1995 жылы Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов елді мекені, «Абай Құнанбаев» атындағы жалпы орта мектебін үздік аяқтаған.
Жоғарғы білім: 2003 жылы «Қайнар» университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша үздік аяқтаған.
2022 жыл. М.Әуезов атындағы ОңтүстікҚазақстан университтетінің «Филология білім беру бағдарламасы бойынша филология ғылымдарының магистрі»
Еңбек жолы: 2001 жылы Ордабасы ауданындағы «Шұбар» жалпы орта мектебіне «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қабылданған.
2012 жылдын бастап аталған мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін
атқарған.
2024 жылдың 22 қаңтарынан бастап Ордабасы ауданы «С.Ысмайлов атындағы жалпы білім
беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне директор болып тағайындалды.
Жалпы педагогикалық өтілі – 23 жыл
Біліктілік санатты: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі маманы бойынша «Педагог-шебер»
Біліктілікті арттыру туралы ақпарат:
«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Шымкент қаласы педагогикалық шеберлік орталығы ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың "Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы" білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсы; 2016 ж. Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ (Шымкент қаласы) педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлекция» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрлардың кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсы; 2017 жыл.
«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ (Шымкент қаласы) педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша оқыту курсы; 2018 жыл. .
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Түркістан обл. және Шымкент қаласы бойынша пед. қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында ақылы негізде «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы педагогикалық менеджмент» бойынша курс; 2021 ж.
«Қашықтықтан оқыту жағдайындағы педагогикалық менеджмент» тақырыбы бойынша курс 2021 ж.
«Кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» курсының оқу бағдарламасы 2022 ж
Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттырудың "Мектептегі "Қазақ тілі" және "Қазақ әдебиеті" сабақтары: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары" білім беру бағдарламасы бойынша курс; 2022 ж Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттырудың "Оқыту тәжірибесін
жетілдірудегі мектеп педагогтерінің аналитикалық құзыреттілігі" білім беру бағдарламасы
бойынша курс; 2022 ж
«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығында «Мектеп
басшыларының кадрлық резерві: әлеуеті және даму стратегиялары» біліктілік арттыру курсы;
2023 ж.
Қазақстан Республикасының Оқу- ағарту министрлігінің «Білім берудегі өзгерістің 1000
көшбасшысы» жобасы аясында мектеп басшыларының кадрлық резервіне енген. 2024 жыл.