Илебаева Алтынкул Жаксылыковна
Мен Илебаева Алтынкул Жаксылыковна Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Майбұлақ елді мекені Алғабас ауылында дүниеге келдім. Бәйдібек ауданы Майбұлақ елді мекеніндегі Есіркеп батыр атындағы жалпы орта мектепті бітіріп, 2002 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға математика және информатика пәні факультетіне оқуға түсіп, 2007 жылы бітіріп шықтым.
Өз еңбек жолымды 2007 жылы Қ.Байменов атындағы жалпы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаудан бастадым. 2008 жылы отбасылық жағдайыма байланысты Қажымұқан ауылында орналасқан С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебіне іс-жүргізуші болып ауыстым. 2008 жылдың қазан айынан бастап математика пәнінің мұғалімі болып ауыстым. Қазіргі таңда осы мектепте жұмыс жасап келемін.