Мектеп тарихы
Сыдық Ысмайлов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Қазіргі «Сыдық Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іргетасы 1928 жылы осы ауылдың азаматы Шымкент Ояздық комитетінің төрағасы қызметін атқарған Елемес Жәрменовтің басшылығымен және ауыл тұрғындарының, көпшілік күшімен қалаған және аталған жылы 4 бөлмелі сауат ашу (ликбез) мектебінің үйі пайдалануға берілді.
- 1934 жылы Кеңес Одағының барлық аумағындағы сауат ашу мектептері бастауыш мектепке айналдырылды. Осы кезде ауылдағы мектеп «Ленин атындағы бастауыш мектебі» деген дәреже алды.
- 1937 жылы «Ленин туы» бастауыш мектебі болып өзгертілді.
- 1954-1955 жылдары ата-аналардың, мұғалімдердің және «Ленин туы» колхозының қолдауымен бұрынғы төрт бөлмелі мектеп үйіне қосымша бөлмелер қосылып, мектеп реформасына сәйкес №16 «Ленин туы» жеті жылдық мектебі болып аталды.
- 1961-1962 оқу жылында «Ленин туы» жеті жылдық мектебі сегіз жылдық мектеп болып қайта құрылды.
- 1986-1987 оқу жылында «Ленин туы» тоғыз жылдық мектебі «Ленин туы» орта мектебіне айналдырылды.
- 1993 жылы «Ленин туы» мектебінің атауы жерлесіміз Кеңес Одағының батыры Сыдық Ысмайловтың есіміне ауыстырылды.
- 2008 жылдан бері жалпы орта мектеп.
- 2012 жылдан бастап «Сыдық Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталып келеді.
1928-2024 жылдар аралығында мектеп басқарған тұлғалар:
1928-1930 жылдары Сауат ашу мектеп меңгерушісі Бимырзаев Шаяхмет;
1930-1933 жылдары Сауат ашу мектеп меңгерушісі Баймаханов Сейділлә;
1933-1935жылдары Бастауыш мектеп меңгерушісі Құлжабаев Омар;
1935-1937жылдары Бастауыш мектеп меңгерушісі Өтешов Бегалы;
1938-1939жылдары Бастауыш мектеп меңгерушісі Есбергенов Шәбдікерім;
1939-1940 жылдары Бастауыш мектеп меңгерушісі Амантаев Қысырау;
1940-1941 жылдары Бастауыш мектеп меңгерушісі Тілегенов Аязбай;
1941-1942жылдары Бастауыш мектеп меңгерушісі Оспанқұлов Мәткәрім;
1943-1945 жылдары Бастауыш мектеп меңгерушісі Отарбекова Дәмелі;
1946-1948 жылдары Бастауыш мектеп меңгерушісі Тасполатов Тәштит;
1949-1951 жылдары Бастауыш мектеп меңгерушісі Ибрагимов Манкентбай;
1952-1954 жылдары Бастауыш мектеп меңгерушісі Ертаев Тұрар;
1954-1957 жылдары жеті жылдық мектеп директоры Кенжеқараев Құлыбек;
1957-1962 жылдары жеті жылдық, 1962-1977 жылдан сегіз жылдық мектеп директоры Жаңбыршина Гүлжан;
1977-1982 жылдары сегіз жылдық мектеп директоры: Нүпбаев Сейілхан;
1982-1986 жылдары сегіз жылдық мектеп директоры Медеубеков Сапарбек;
1986-1989 жылдары орта мектеп директоры Төлтебай Досан;
1989-1998 жылдары орта мектеп директоры Жұмаділұлы Қыдырбай;
1998-2004, 2005-2013 жылдары орта мектеп директоры Байжан Рабиға;
2004-2005 жылдары орта мектеп директоры Қырықбаев Манап;
2014-2023 жылдары орта мектеп директоры Аккозиев Максат Шермаханулы;
2024 жылдан бастап Нуралиева Римма Курманкалиевна директорлық қызмет атқарады.
Қазіргі таңда мектепте 62 мұғалім қызмет атқарады. Педогог-зерттеуші 17, педагог- сарапшы 17, педогог-модератор- 19, педагог статусындағы жас мамандар 9.
Директордың бейінді жұмысы жөніндегі орынбасары Түзел Айнұр Қойбағарқызы Республикалық «Білім академиясы- дарындар ордасы» журналы редакциясының 2022 жылғы 2 қараша №02 шешімі бойынша «Қазақ елінің құрметті педагогы» төсбелгісінімен марапатталды. Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Малдыбай Қалия Қалдыбекқызы Республикалық «Білім академиясы- дарындар ордасы» журналы редакциясының 2022 жылғы 2 қараша №02 шешімі бойынша «Қазақ елінің құрметті педагогы» төсбелгісімен марапатталды.
2023 жылғы 21-қарашада Түркістан қаласы, №17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназия базасында Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «ТҮРКІСТАННЫҢ ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМДЕР ФЕСТИВАЛІ» өтті. Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Төлеген Ботакөз және жаратылыстану пәнінің мұғалімдері Илебаева А, Атеева Н, Қаражігіт А, Медетова Б, Жамалбекова А, Аширова А, Досова А, Исабекова С. «STEM» технологиясы бойынша панорамалық сабақтар мен шебер сыныптар көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Фестивальге қатысушылардың әлемдік трендтегі «STEM» технологиясына қызығушылығы жоғары екендігі байқалды. Мектебіміздің тәжірибелі, шығармашыл ұстаздары аудан, облыс, республика көлемінде өз тәжірибелерімен бөлісіп, шебер сынып, сабақтарын өтті. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Әліш Эльмира, тарих пәні мұғалімі Орынбай Жайна аудан, облыс көлемінде өз тәжірибесімен бөлісіп, аудан деңгейінде мұғалімдер олимпиадасында қазылық етуде.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байсейіт Раушан облыстық мұғалімдер арасында өткен «Алаш ардақтылары» эссе байқауынан жүлделі 1-орын иеленді, аудандық «Ыбырай жазулары» байқауында 3-орын иеленді.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі аудандық «Ыбырай жазулары» байқауында 2-орын иеленді.
Адами әлеуетті дамыту басқармасы ұйымдастыруымен "Үздік психолог" байқауына мектеп психологі Бегалиева Қаламқас қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды.
Музыка пәні мұғалімі педагог- зерттеуші ұстазымыз Өтеш Гүлжан апайымыздың жетекшілігімен Полатбек Батырбек 2020 жылдың ақпан айында бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған III Республикалық «Ұлы дала ұрпағы» өнер мен білім байқауында «вокал» жанры бойынша өнер көрсетіп, бас жүлдені иеленіп, Алматы қаласында өткен финалға қатысты.
Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының 2022 жылғы 13 қыркүйектегі №58 бұйрығына сәйкес «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауының аудандық кезеңі өтті. Аудандық кезеңге 10 сынып оқушысы Қабылбек Нұрдәулет «Компьютерлік графика және 3Д модельдеу» бағыты бойынша қатысып, ауданда жүлделі 2 орын иеленді.
2022-2023 оқу жылы, 10 сынып оқушысы Тоқташ Гүлдана «Елбасы Медалі» жобасының қола медаль иегері атанды.
Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес, Зерде балалар шығармалық жобалары мен зерттеу жұмыстары 2-7-сынып оқушылары арасында өтті. 3-сынып оқушысы Орынбасар Аружан ауданнан жүлделі 2-орын иеленді, 7-сынып оқушысы Бахан Алишер жүлделі 2-орын иеленді.
«Жас ғалым» ғылыми жобалар байқауына 10- сынып оқушысы Қыдырбай Қарақат «Архитектурадағы математика» тақырыбында жобасын қорғап, жүлделі 2-орын иеленді.
«ProEco» экологиялық конкурсына 8- сынып оқушылары Қамбарова Інжу мен Сансызбай Нұрай қатысып жүлделі 1-орын иеленіп, облыстық кезеіңне қатысып сертификатталды.
9-11-сыныптарына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық, облыстық кезеңдері өтті. Аудандық кезеңде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9-сынып оқушысы Орынбасар Ұлдана 2-орын иеленді. Республикалық Президенттік олимпиада (жаратылыстану- математика бағыты) 11-сынып оқушысы Жайлау Қарақат қатысып, жүлделі 3-орын иеленді. «Жарқын болашақ» олимпиадасы «Әнші бұлбұл» бағыты бойынша 11 -сынып оқушысы Жумадилова Адина қатысып, жүлделі 1-орын иеленді, «Жас қаламгер» бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Әлқуат Назым қатысып, жүлделі 2- орын иеленді.
Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына, Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай аудандық ғылымыи жобалар байқауы өтті. Байқауға мектебіміздің 10-сынып оқушысы Тоқташ Гүлдана «Азаттың таңын аңсаған алаш арысы» тақырыбында қорғап, ауданнан жүлделі 2-орын иеленді.
«Спорт - әр елдің даңқын шығарып, байрағын биіктететін айтулы бәсеке» дегендей, мектебіміз спорт саласынан да құралақан емес. Ұстаздарымыз бен оқушыларымыз әр кез спорттан ұйымдастырылған іс – шаралар мен байқауларға үнемі белсенді қатысып, тек қана жүлделі орындардан көрінуде. Ұстаздарымыз Батырбеков Нұрбол мен Мұхамбетәлі Сағынбек «Ұстаз барысы» байқауына қатысып, ауданнан жүлделі 1- орын иеленді. Тағы бір дәлелі, оқушымыз «Каратэ До Шотокан» спорт түрінен Қазақстан Республикасы чемпионатында жүлделі 1-орын иеленген 11-сынып оқушысы Қаблан Олжас Қазақстан Республикасының чемпионы атағына ие болды, 8-сынып оқушысы Қабылбек Саян «Әлем чемпионы атағына ие болды». Чемпиондарымыздың жетекшісі: орыс тілі пәні мұғалімі тәжірибелі ұстаз Қожақ Берік ағайымыз.
Мектебімізде өзіндік алар орны бар тарихи педогогикалық «Өлкетану» мұражайы жұмыс жасайды. Мұражай жетекшісі тарих пәні мұғалімі тәжірибелі ұстаз Құрманбек Медеубек ағайымыз. Мұражай 1992 жылы ашылған. Біздің мұражайға облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен жас туристер мұражайы қамқорлық етеді. Мектебіміз Қажымұқан ауылында орналасқандықтан, мұражайда Қажымұқан атамыздың пайдаланған заттары мен суреттері сақталған. Мектеп мұражайы біздің мақтанышымыз қазіргі таңда 900-ге жуық жәдігер бар.
Саусақ бірікпей, ине ілікпейді дегендей, оқушыларымыз біліммен қоса өнерді ұштастыра меңгеруде. Мектебімізде оқушылардың өз қолынан шыққан салт дәстүрімізді дәріптейтін, қол өнер бұйымдарын жасау тәсілдерін технология пәні мұғалімдері Мелдебек Фарида мен Нұрбет Роза апайларымыз үйретуде, ол бұйымдар мектебімізде фойе сәнін келтіруде.
Ұстаз бен шәкірт - егіз ұғым. Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі. Мектепті білім айдынындағы үлкен кемеге теңегім келеді. Осы кемеде бала он бір жыл уақытын өткізеді. Бұл кемеде небір дарынды тұлғалар да, әлемді бас идірген ағаларымыз да, сіз де, біз де отырдық.
Елбасымыз Қасым- Жомарт Тоқаев айтқандай: « «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халқымыз. Ұстазсыз адам болмайды. Бәріміз де кезінде мұғалімнің тәлімін алып, білімін үйрендік демекші әр кез ұстаздар қауымы, бәсекеге қабілетті, жан жақты дамыған дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын нағыз патриот азаматты, қоғамның кез келген жағдайына қайыспай, төтеп бере алатын тұлғаны тәрбиелеп, білім сапасын арттыру мақсатында жұмыстар атқаруға үлес қосайық»